Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
КММ «№ 28 жалпы білім беретін мектепте» «Заң менің іс-әрекетімнен басталады» акциясы аясында профилактикалық ақпараттық-ағартушылық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыруға, сондай-ақ жеке іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті түсінуге бағытталған тақырыптық брошюралар таратылды. Материалдарда заңнама нормалары, қоғамдағы мінез-құлық ережелері, бала құқықтары мен азаматтық жауапкершілік туралы қолжетімді әрі түсінікті ақпарат қамтылған. Акцияның негізгі мақсаты — жас ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастыру, заңға құрмет сезімін тәрбиелеу және белсенді азаматтық ұстанымды дамыту. Осындай іс-шараларды өткізу білім алушылар үшін қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға және күнделікті өмірде құқыққа сай мінез-құлық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Буллинг кезінде сақталатын қауіпсіздік шаралары 1. Үндемей қалмау • Буллингке төзуге болмайды. • Сенімді адамға айту: ата-ана, сынып жетекшісі, мектеп психологы, әлеуметтік педагог. 2. Дәлелдерді сақтау • Онлайн буллинг болса: хабарламалар, скриншоттар, жазбаларды өшірмеу. • Куәгерлердің атын есте сақтау. 3. Қауіпсіз ортада болу • Жалғыз қалмауға тырысу. • Үзіліс кезінде достармен, мұғалімге жақын жүру. 4. Арандатуға берілмеу • Қарсы сөзбен жауап бермеу, жанжал ушықтырмау. • Сабыр сақтау — буллердің мақсатына жетпеуіне көмектеседі. 5. Онлайн қауіпсіздік • Қорлайтын аккаунттарды бұғаттау (block). • Жеке ақпаратты жарияламау. • Құпиясөздерді қорғау. 6. Көмек сұраудан қорықпау • Мектеп психологымен сөйлесу. • Қажет жағдайда сенім телефондарына хабарласу. 7. Өзіңе қолдау көрсету • Өзіңді кінәламау. • Демалыс, сүйікті іспен айналысу, эмоцияны сыртқа шығару. 8. Төтенше жағдай болса • Физикалық қауіп төнсе — бірден ересектерге немесе 102 нөміріне хабарлау.
17-19 қаңтар аралығында 10 Б сынып оқушысы Иван Сопрыгин Алматыда Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қатысуымен өткен алғашқы "Сириус" таланттар саммитіне қатысты. Саммитке еліміздің түкпір-түкпірінен "Келешек мектебі" мектептерінің дарынды оқушылары мен жаратылыстану-ғылыми және математикалық бейіндегі педагогтері жиналды. Бағдарлама "Ауқымды жобалар" көрмесі, сарапшылардың дәрістері мен мастер-класстары, мұғалімдерге арналған практикалық сабақтарға толы өтті. Иван зерттеу жобасында жұмыс істесе, мен педагог ретінде әріптестеріммен тәжірибе бөлістім. Саммит қорытындысы бойынша сарапшылар мен оқушылар бірлесіп орындаған "Ғарыштағы материалдардың бетін күн сәулесімен қалпына келтіру механизмін зерттеу" жұмысы "Наноиндустрия" ғылыми журналында жарияланатын болды (№ 1, 2026 ж.). Осындай ауқымды білім беру шарасының куәсі болғаныма және оқушымның нәтижелі жетістіктері өте қуаныштымын.
“ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ” БАСТАЛДЫ 2026 жылдың 22-24 қаңтар күндері аралығында 9-11 сыныптың мектеп оқушылары арасында “Ұлттық мектеп лигасы” жарыстарының облыстық кезеңі бастау алды. Ұлттық мектеп лигасының мақсаты оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу және достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады. Тартысты өткен жарыстардың спорт түрлері бойынша нәтижесі төмендегідей: “Үстел теннисі” спорт түрі бойынша І орын - #212 мектеп-гимназия (Қызылорда қаласы) ІІ орын - #252 мектеп-гимназия (Шиелі ауданы) ІІІ орын - #182 орта мектеп (Қазалы ауданы) ”Шахмат” спорт түрі бойынша І орын - #273 мектеп (Қармақшы ауданы) ІІ орын - #129 мектеп (Сырдария ауданы) ІІІ орын - #14 мектеп (Арал ауданы) ”Волейбол” (ұлдар) спорт түрі бойынша І орын - #214 орта мектеп (Шиелі ауданы) ІІ орын - #224 мектеп (Жаңақорған ауданы) ІІІ орын - #103 орта мектеп (Қазалы ауданы) ”Футзал” (қыздар) спорт түрі бойынша І орын - #25 орта мектеп (Қазалы ауданы) ІІ орын - #156 орта мектеп (Шиелі ауданы) ІІІ орын - #39 орта мектеп (Қызылорда қаласы) ”Гандбол” (қыздар) спорт түрі бойынша І орын - #91 орта мектеп (Қазалы ауданы) ІІ орын - #250 мектеп-лицей (Қармақшы ауданы) ІІІ орын - #169 орта мектеп (Жаңақорған ауданы) ”Баскетбол” (ұлдар) спорт түрі бойынша І орын - #23 мектеп-лицей (Қызылорда қаласы) ІІ орын - #249 мектеп-лицей (Қазалы ауданы) ІІІ орын - #163 орта мектеп (Жаңақорған ауданы) Сонымен қатар спорт түрлері бойынша “ҮЗДІК” деп танылған ойыншылар марапатталды. Жеңімпаз атанған мектеп командаларына республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!