Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
Онлайн форматта өткен оқушылармен кездесу «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясындағы «Заң және тәртіп» айлығы шеңберінде 22 қаңтар күні 8 «А» және 9 «А» сынып оқушылары қаржылық сауаттылық тақырыбындағы бейне-кездесуге қатысты. Кездесу барысында СҚО бойынша ЭД ҰББ тергеушісі Синякина Оксана Юрьевна оқушылармен алаяқтықтан қалай сақтану керектігі жөнінде өзекті тақырыпта түсіндіру әңгімесін жүргізді. Оқушыларға қаржылық алаяқтықтың ең көп таралған түрлері, алаяқтық схемаларды тану жолдары, сондай-ақ күнделікті өмірде және интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар, оқушыларға алған білімдерін бекіту және қаржылық қауіпсіздікке байланысты әртүрлі өмірлік жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру мақсатында арнайы оқыту ойынын өз бетінше өту ұсынылды. Өткізілген іс-шара жасөспірімдердің құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, жеке шешімдерге жауапкершілікпен қарауға және адалдық пен заңға бағыну құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етті. Бұл аталған іс-шара «Адал азамат» бағдарламасының мақсаттарына толық сәйкес келеді.