Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
Көрісу күні мектепте ерекше өтті Көктемнің шуақты лебі сезілген сәтте мектебімізде ерекше жылылыққа толы күн өтті. Бұл — қазақтың ежелден келе жатқан игі дәстүрі, адамдарды жақындастырып, көңілге мейірім ұялататын Көрісу күні. Таң атқаннан-ақ мектеп іші ерекше атмосфераға бөленді. Оқушылар мен ұстаздар бір-бірімен көрісіп, ізгі тілектерін жаудырды. Әр жүзден қуаныш, әр жүректен жылулық сезілді. Бұл тек мерекелік шара ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйреткен тағылымды сәт. Көрісу күні – татулық пен бірліктің, сыйластық пен мейірімнің мерекесі. Осындай игі дәстүрлер арқылы жас ұрпақ өз тамырын танып, ұлттық рухты жүрегіне сіңіреді. Бүгінгі мереке әрқайсымызға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жүректерімізді жақындата түсті. Жылымыз берекелі, ынтымағымыз нығайған жыл болсын!
Эстетикалық цикл әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында мектепте оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, педагогтердің тәжірибе алмасуына және оқытуда заманауи әрі қызықты әдіс-тәсілдерді енгізуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды. Онкүндік аясындағы жарқын іс-шаралардың бірі – шеберлік сабағы болды. Бұл сабақта қатысушылар сәндік-қолданбалы өнердің әртүрлі көркемдік техникасымен танысты. Іс-шара барысында сабын көпіршіктерімен сурет салу техникасы көрсетіліп, оның көмегімен ерекше әрі әсем өрнектер жасау жолдары таныстырылды. Сонымен қатар скретчинг (гравюра) техникасы ұсынылып, ол оқушылардың ұқыптылығын, қиялын және көркемдік ойлауын дамытуға ықпал ететіні көрсетілді. Бұдан бөлек, фетр матасынан әшекей сандықша (шкатулка) жасау жұмысы ұсынылып, бұл оқушылардың тоқыма материалдарымен жұмыс істеу дағдыларын дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға мүмкіндік берді.