Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында 1 ақпан күні мектеп аумағында ата-аналардың қатысуымен кёкушинкай каратеден алғашқы ашық жаттығу өтті. Бұл іс-шара балалар мен ересектерді салауатты өмір салтына, тәртіпке және ішкі күшке ұмтылу жолында біріктірген ерекше әрі жүрекке жылы кездесу болды. Ата-аналар өз үлгілері арқылы белсенді болудың, денсаулыққа қамқорлық жасаудың және жақсы физикалық қалыпты сақтаудың маңыздылығын көрсетті. Олар өз қатысуымен балаларға жауапкершілік, табандылық пен ерік-жігердің жарқын үлгісін ұсынды. Балалар ата-аналарымен бірге үлкен қызығушылықпен және қуанышпен жаттықты, ал олардың шынайы эмоциялары мен жарқыраған көздері мұндай бірлескен жаттығулардың қаншалықты маңызды екенін айқын көрсетті. Біз салауатты өмір салты қағидаттарын ұстанып, Қазақстанның дені сау әрі мықты жаңа ұрпағы үшін нық қадаммен алға жылжып келеміз! Бұл жай ғана жаттығу емес — бірлік қолдау және отбасының нағыз жауынгерлік рухы! Кёкушинкай карате — бірге жаттығамыз!
2026–2030 жылдарға арналған « Қазақстан балалары» тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау аясында әзірленген, балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғау саласындағы мемлекеттік шараларды жүйелеуге бағытталған өзекті әрі кешенді құжат болып табылады. Білім беру жүйесі үшін оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, инклюзивті білім беруді дамытуға, қосымша біліммен қамтуды кеңейтуге, сондай-ақ білім беру ұйымдарының қызметіне жасанды интеллектті қоса алғанда, заманауи цифрлық және зияткерлік технологияларды енгізуге бағытталған шаралар ерекше маңызды. Сонымен қатар, балалардың психологиялық жағдайына, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтердің кадрлық әлеуетін нығайтуға басымдық берілуі құнды деп санаймын. Біздің Келешек мектебі бүгінде тұжырымдаманың негізгі идеяларын іске асырып келеді: тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, балалардың әл-ауқатына қамқорлық ету, заманауи білім беру кеңістігін қалыптастыру және жан-жақты дамуға жағдай жасау. «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының жүзеге асырылуы оқушыларымыздың балалық шағын одан әрі бақытты, қорғанышты әрі табысты етеді деп сенемін.
Бағыты: Баланың қауіпсіздікке құқығы Қатысушылар: 8–11 сынып оқушылары, мектеп инспекторы, IT-маман Қысқаша мазмұны: «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру аясында КММ «№ 28 жалпы білім беретін мектепте» қауіпсіздіктің жаңа стандарттарына арналған интерактивті әңгіме өткізілді. Іс-шара барысында мектеп ортасының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған цифрлық қауіпсіздік мәселелері мен жасанды интеллект жүйелерін енгізу тақырыптарына ерекше назар аударылды. Кездесу барысында қатысушылар жасанды интеллект технологияларының құқықбұзушылықтардың алдын алудағы рөлі және интернет кеңістігіндегі мінез-құлық ережелерінің жаңартылу себептері туралы пікір алмасты. Негізгі ақпарат: Оқушыларға кез келген қиын жағдай туындаған кезде жүгінуге болатын бірыңғай көмек жүйесінің құрылғаны жөнінде ақпарат берілді.