Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
«ЭКО стиліндегі жастар» акциясы
Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының бастамасымен «ЭКО стиліндегі жастар» атты акция өтті. Бұл шара аясында оқушылар мектеп аумағын абаттандыруға және бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беруге белсене атсалысты.
Жоғары сынып оқушылары гүлзарлар мен мектеп қоршауының бойын тазалап, қоқысты жинап, сұрыптады. Олар қоршаған ортаға жанашырлық танытудың жарқын үлгісін көрсетті.
Ал бастауыш сыныптарда қалдықтарды сұрыптап тастауға арналған танымдық шара ұйымдастырылды. Балалар қағаз, пластик және полиэтиленді арнайы жәшіктерге бөліп салуға қызығушылықпен қатысты.
Акцияның басты мақсаты — экологиялық мәдениетті, жауапкершілікті және табиғатқа деген саналы көзқарасты ерте жастан қалыптастыру.
ЭКО — бұл сәнді!
ЭКО — бұл маңызды!
ЭКО — бұл — біз!