Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
14 мамыр 2025 жылы ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбаевтің 180 жылдығына арналған «Абай – дана, қазақта, Абай – дара!» әдеби-сазды қойылымы бойынша конкурс өтті. Конкурстың мақсаты: мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін ашу және дамыту, белсенді шығармашылық іс-әрекетке тарту, мемлекеттік тілдің дамуын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту. Конкурсқа қаламыздан 12 мектеп қатысты. Әр мектепке бөлініп берілген уақытқа сәйкес келіп, өз қойылымдарын көрсетулері тиіс болды. Конкурс нәтижесі бойынша біздің мектеп жүлделі 3 орынға ие болды. Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз, шығармашылық табыс тілейміз!