Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
🌈🎉 "Біз бақытты баламыз" асфальтқа сурет салу челленджі! 🎉🌈
30 мамыр күні, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, мектепалды сынып тәрбиеленушілері асфальтқа сурет салу челленджіне қатысып, ерекше көңіл-күй сыйлаған тамаша шара өтті! ✏️🖌️
"Біз бақытты баламыз" тақырыбы балалардың арманы мен сезімдерін ашық түстермен жеткізуге мүмкіндік берді. Әр бала өз қиялын сурет арқылы бейнелеп, балалық шақтың шаттығы мен қуанышын көркем жеткізді.
Мұндай шаралар балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға, бір-бірімен достасуға және топпен жұмыс істеуге үлкен үлес қосады деп сенеміз. 💖