"Мемлекеттік рәміздер — ұлттық мақтаныш"
Бүгінгі Мемлекеттік рәміздер күні мектеп жанындағы лагерьдің оқушылары үшін "Мемлекеттік рәміздер — ұлттық мақтаныш" атты зияткерлік сағаты ұйымдастырылды. Балалар мемлекеттік рәміздердің шығу тарихымен, олардың мемлекеттегі рөлімен танысты. Іс — шара соңында қатысушыларға "Менің рәміздерім-менің мақтанышым" тақырыбында синквейн жасау ретінде шығармашылық тапсырма ұсынылды. Іс-шара оқушылардың асқан қызығушылығын туғызды.
