Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
Мектеп жанындағы лагерь жұмысы аясында балалардың қабілеттері, таланттары мен шығармашылығын көрсету үшін "Шеберлер қаласы" атты қызықты мереке ұйымдастырылды. Бағдарламада:Фортепиано сабағы — жас музыканттар фортепиано негіздерін қызығушылықпен меңгерді. Тәтті мақта — балалардың сүйікті тәттісі мерекенің нағыз әшекейіне айналды. "Аружан және Асыл" дүкені — балалар сатушы және сатып алушы рөлдерін ойнай отырып, қарым-қатынас пен есептеу дағдыларын дамытты. Бет бояуы — бетте жарқын суреттер күнді одан сайын көркем етті. Бисерден білезік пен алқалар— балалар өз қолдарымен әдемі әшекейлер жасады.Іс-шара пикникпен аяқталды. Күн балаларға қуаныш, жағымды эмоциялар мен жарқын естеліктер сыйлады!