Мектеп жанындағы лагерь аясында 2025 жылдың 12 маусымында ойын және сенсорлық бөлмелерде қызықты интерактивті сабақ өтті
Мектеп жанындағы лагерь аясында 2025 жылдың 12 маусымында ойын және сенсорлық бөлмелерде қызықты интерактивті сабақ өтті. Балалар әртүрлі іс-шараларға, соның ішінде батуттар, құрғақ бассейн, құм үстел, сауықтыру жолы, кокон әткеншек, үстел ойындары және т.б. үлкен қызығушылықпен қатысты.
Бұл іс-әрекет балаларымыздың физикалық дамуына ғана емес, бірлескен ойындар мен іс-әрекеттер арқылы шығармашылық қабілетін, қиялын және әлеуметтік дағдыларын дамытуға ықпал етті. Лагерьде өткізілетін уақытты әр бала үшін мазмұнды және қызықты өткізуге тырысамыз.
