Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
Бала тәрбиесі — ең маңызды әрі жауапты іс. Ұрпағымызды білімді, тәрбиелі, адамгершілігі жоғары, адал азамат етіп өсіру – әр ата-ананың арманы. Осы жолда сіздердің жасап жатқан еңбектеріңізге біз, ата-аналар, шын жүректен ризамыз.
Жазғы мектеп жанындағы лагерь барысында баламыз уақытын тек қызықты ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік мәні зор істермен өткізіп, көп нәрсені үйреніп қайтты. Мұғалімдердің қамқорлығы мен талаптылығы, әр балаға деген ерекше көңілі бізді қуантты. Лагерь барысында ұстанған тәрбие мен құндылықтар – болашақта баланың адал, елге пайдасы тиетін азамат болып қалыптасуына берік негіз болады деп сенеміз.