«Мектепке жол» науқаны
«Мектепке жол» науқаны
2025 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйегіне дейін «Мектепке жол»жалпы республикалық қайырымдылық науқаны басталады.
Акция оқу жылының басына дайындық кезінде әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсетуге бағытталған. Әлеуметтік себептер бойынша 1 қыркүйекте балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Қаланың білім беру ұйымдарында білім алушыларға мектепке дайындалуға көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көмекке мұқтаж білім алушылар базасы құрылды.
