
Жаңа оқу жылы – жаңа белес!
2025 жылдың 1 қыркүйегінде №28 жалпы білім беретін мектепте Білім күніне арналған «Мектебім- мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға 1, 9, 10 және 11-сынып оқушылары қатысып, жаңа оқу жылын жігерлі серпінмен бастады.

Әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған бірінші сынып оқушылары үшін бұл күн ерекше қуаныш пен толқынысқа толы болды.

Ұстаздар мен ата-аналар жас ұрпаққа жүрекжарды тілектерін айтып, жаңа оқу жылында табыс пен жетістіктер тіледі.

Барша оқушылар мен ұстаздарға 2025-2026 оқу жылында сәттілік тілейміз!
[01.09, 18:29] Зура Болатовна Накенова: Беседа № 69:
Выбрана Ваша тестовая роль