Заманауи жабдықталған сыныпта оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған
Заманауи жабдықталған сыныпта оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. 6 «Б» сыныбында «Портрет» тақырыбында көркем еңбек сабағы өтті. Сабақтың мақсаты – оқушыларды портрет жанрымен таныстыру және адал азамат бейнесін сурет арқылы жеткізуге үйрету.
Оқушылар елге үлгі болатын тұлғаның бейнесін қиялында елестетіп, сурет арқылы қағаз бетіне түсірді. Әр туындыда адамгершілік, еңбекқорлық, шынайылық, жауапкершілік сынды қасиеттер көрініс тапты.
Мұндай сабақтар оқушылардың көркемдік талғамын арттырып қана қоймай, олардың ішкі жан дүниесін, патриоттық және азаматтық көзқарасын тәрбиелеуге ықпал етеді.Оқушылардың айтуынша: «Біз әр сабаққа қуана-қуана барамыз. Себебі сабақтар өте қызықты, әрі барлығы жаңа, заманауи форматта өтеді
