5 қыркүйек күні мектебімізде республикалық #ТазаҚазақстан бағдарламасы аясында “Жастар ресурстық орталығымен” бірлескен іс-шара өтті.
5 қыркүйек күні мектебімізде республикалық #ТазаҚазақстан бағдарламасы аясында “Жастар ресурстық орталығымен” бірлескен іс-шара өтті.
11-сынып оқушылары экология және қоршаған ортаны қорғауға арналған «Жасыл миссия»атты интерактивті ойынға белсене қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар қалдықтарды қайта өңдеу, климаттың өзгеруі және табиғатты қорғау жолдары туралы маңызды ақпараттармен танысты. Жастар ресурстық орталығының мамандары өткізген қызықты ойындар мен пікірталастар оқушылардың білімін тереңдетіп қана қоймай, әрбір адамның қарапайым әрекетінің өзі табиғатты сақтауда үлкен рөл атқаратынын түсінуге көмектесті.
