Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
2025 жылдың 8 қыркүйегінде №28 жалпы білім беретін мектептің ұжымы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.
📌 Жолдауда ел дамуының жаңа бағыттары – цифрлық трансформация, жасанды интеллектті дамыту, білім беру мен әлеуметтік саланы жаңғырту мәселелері кеңінен қамтылды.
Президенттің маңызды үндеулерінің бірі:
⁠“Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс” – деп атап өтті.
🔹 «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 217 мектептің 150-і қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Қалған мектептер алдағы үш айда аяқталмақ.
🔹 Президент цифрлық технологиялар еңбек нарығын түбегейлі өзгертіп жатқанын ескертіп, жасанды интеллектпен жұмыс істей алатын мамандарға деген сұраныс артып келе жатқанын айтты. Көптеген салаларда жұмыс үдерістері автоматтандырылып жатыр, сол себепті білім беру жүйесі осы өзгерістерге бейімделуі қажет.