2025 жылғы 11 қыркүйекте СҚО, Петропавл қаласындағы №28 жалпы білім беретін келешек мектебінде «Өрлеу» БАҰО «СҚО бойынша КДИ» курс тыңдаушыларына арналған
2025 жылғы 11 қыркүйекте СҚО, Петропавл қаласындағы №28 жалпы білім беретін келешек мектебінде «Өрлеу» БАҰО «СҚО бойынша КДИ» курс тыңдаушыларына арналған «Функционалдық сауаттылық дағдыларын дамытуға арналған заманауи технологиялар мен жаңа әдістерді қолдану» тақырыбында облыстық семинар-практикумы ұйымдастырылды.
Семинардың негізгі мақсаты – педагогтердің жасанды интеллект мүмкіндіктерін, SMART-оқыту технологияларын заманауи оқыту үрдісінде тиімді қолдану арқылы білім сапасын көтеру.
Келешек мектеп ұжымы семинар барысында өз тәжірибелерін ортаға салды. Ұстаздар білім беру және адал азамат тәрбиелеуде оқушылардың бойында адами құндылықтар мен жауапкершілік қалыптастырудың маңызын ерекше атап өтті.
Биология пәні мұғалімі Габбасова Махаббат Кусниденовна және математика пәні мұғалімі Дубинина Алена Андреевнаның өткізген сабақтары семинар қатысушылары үшін қызықты әрі тиімді болды. Мұндай тәжірибе алмасу жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру процесіне енгізе отырып, цифрландыруды қолданудың тиімділігін көрсетті. Бұл ұстаздарға жаңа деңгейде жұмыс істеуге, ал оқушыларға заманауи қоғамда еркін бейімделуге зор ықпал етеді.
