Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
«Күлкі сыйла — әлемді жарқын ет» акциясы аясында 10 қыркүйек күні мектебімізде жүрекке жылы тиетін «Жақсылық тізбегі» атты шара өтті.
1–11 сынып оқушылары мен мұғалімдер «Өмір ағашына» өздерінің ізгі тілектері мен жылы лебіздерін жазып қалдырды. Бұл әрекет қамқорлық, қолдау мен достық атмосферасын қалыптастырды.
Аталған акция балалар мен ересектерді біріктіріп, әркімнің жүзіне күлкі сыйлады және бір-бірімізге жылы сөз айтудың қаншалықты маңызды екенін еске салды.