Бүгін мектебіміздің кітапханасында қазақтың ұлы жазушысы және қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай арнайы көрме ұйымдастырылды.
6-сынып оқушылары көрмеге қатысып, жазушының өмірі мен шығармашылығымен тереңірек танысты. Балалар Сәбит Мұқановтың әдеби мұрасының халқымыз үшін қаншалықты маңызды екенін сезініп, оның шығармаларынан алынған қызықты деректерге қанықты.
Аталмыш іс-шара оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға, қазақ тілінің байлығын сезінуге және рухани дүниелерін байытуға бағытталды.