Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
2025 жылғы 20 қыркүйек күні біздің мектеп ұжымы халықаралық экологиялық акция – «World Clean Up Day» («Всемирный день чистоты») аясында өткен сенбілікке белсене қатысты.
Мұғалімдер мен қызметкерлер мектеп аумағын және оған іргелес учаскелерді тазартуға бірлесе шықты.
Ортақ еңбектің арқасында аумақ бұрынғыдан да таза әрі жайлы бола түсті.
Мұндай іс-шаралар қаламызды көркейтіп қана қоймай, қоршаған ортаға деген жанашырлықты қалыптастырады.