Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
✨️2025 жылғы 17 қыркүйекте «Мектеп пен отбасы: адал әрі жауапты азаматты тәрбиелеудегі ынтымақтастық» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында 2025–2026 оқу жылына арналған мақсаттар мен міндеттер таныстырылды. Сонымен қатар ата-аналар комитетінің трансформациялану мәселелері талқыланды: биылдан бастап ата-аналар тек қана көмекші емес, мектеп өмірінің белсенді бастамашыларына айналады. 👨‍👩‍👧‍👦
Ата-аналардың белсенді қатысуы – балаларымыздың жарқын болашағына бастар маңызды қадам.
Жиналыста Психикалық денсаулық орталығының психологы Якимова Ирина Ивановна «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу: ата-аналар нені білуі керек?» тақырыбында баяндама жасады.
Кездесу соңында ата-аналар өз ұсыныстарын білдіріп, алдағы жоспарларды бекітті.
Мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы болып Котова Екатерина Павловна сайланды.