Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
Мектепке дейінгі педагогтер мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған сабақтастық бойынша бірыңғай Ашық есік күні аясында біздің мектепте бастауыш сынып мұғалімдері, “Ақ қайың “бөбекжай-бақшасы” МКҚК әдіскері М.В.Артеменко, педагог-психолог Р. Т. Жұмабекова, сондай-ақ “Нұр бала” МКҚК педагогтері Р. Ш. Жұмағұлова, М.В.Волкова және М.А.Белокурскийдің қатысуымен іс-шара өтті.
Кездесуде оқу-тәрбие процесінде жеке даму карталарын пайдалану және бейімделу кезеңінде балаларды қолдау әдістері талқыланды. Қатысушылар мектепалды топ педагогының сабағының бейнежазбасын көріп, 1-сыныптың сабағына қатысты. Ашық сабақтар сауат ашу пәнінің оқытылуының ерекшеліктерін атап өтті.
Бірыңғай Ашық есік күні балабақша мен мектеп арасындағы тиімді өзара әрекеттесуіне ықпал етеді, бұл балалардың бастауыш мектепке сәтті өтуіне негіз болады.