✨ Ерғали Сәткенов — Ұлттық мұраның жанашыры, өнер мен руханияттың хас маманы! ✨
Жарты ғасырдан астам уақыт бойы ата-баба мұрасын жаңғыртып, сүйек, ағаш пен металлды қазақ рухының асыл тарихына айналдыратын Ерғали Шәмілұлы— шебер ғана емес, тарихпен тілдескен дарынды жан.
Қазір зейнет жасында болса да, Ерғали Сәткенов өзінің білімі мен қолөнер шеберлігін №28 мектептің қосымша білім беру үйірмесінде жас ұрпаққа үйретіп, ұлттық мұраны ұлықтап жүр. 
Оның еңбегі — ұлт өнерін құрметтеп, келер ұрпаққа жеткізудің асыл үлгісі. Мықты ұстаздарымызды мақтан тұтамыз! 
