16 қазан күні КММ «№28 жалпы білім беретін мектеп» базасында 8–10 сынып оқушыларына арналған нашақорлықтың және есірткі қылмыстарының алдын алу тақырыбында дәріс өткізілді.
16 қазан күні КММ «№28 жалпы білім беретін мектеп» базасында 8–10 сынып оқушыларына арналған нашақорлықтың және есірткі қылмыстарының алдын алу тақырыбында дәріс өткізілді.
Іс-шараны Петропавл қаласы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі, полиция лейтенанты Жұмағұлова В. А. жүргізді.
Дәріс барысында оқушыларға есірткі құралдарының түрлері мен оларды қолданудың зиянды салдары, сондай-ақ есірткіні сақтау және тарату үшін көзделген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ақпарат берілді. Ерекше назар жастардың өз денсаулығына және болашағына саналы әрі жауапты көзқарасын қалыптастыру мәселесіне аударылды.
