Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
№28 мектеп оқушылары Kozybayev University-де кәсіби бағдарлау кездесуіне қатысты
«Кәсіпке қадам» жобасы аясында №28 жалпы білім беретін мектептің 10–11-сынып оқушылары Kozybayev University-де өткен Ашық есік күніне қатысты.
Оқушылар «Есте қалатын тұлға бол!» атты квестке қатысып, «Personal resource» тренингінен өтті және келесі станцияларда өз білімін толықтырды:
✨ «Педагогикалық лабиринт»
✨ «Шеберхана»
✨ «Таңдау аймағы»
✨ «Табыстың кілттері»
✨ «Эмпатия»
Шара соңында университеттің таныстырылымы, экскурсия және факультеттер көрмесі өтті. Оқушылар гранттар, оқу бағдарламалары мен студенттік өмір туралы мол ақпарат алды.
«Кәсіпке қадам» жобасы аясындағы мұндай іс-шаралар оқушыларға өз мамандығын дұрыс таңдауға және болашаққа сеніммен қадам жасауға мүмкіндік береді!