Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
“Дебют” жас педагогтерге арналған облыстық байқауы біздің мектеп базасында жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Байқау барысында қатысушы мұғалімдер жасанды интеллект құралдарының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, оқушыларға мазмұны бай, креативті әрі тартымды сабақтар ұсынды. Сонымен қатар жас мамандарға тәжірибелі тәлімгерлер тарапынан әдістемелік қолдау көрсетіліп, кәсіби шеберліктерін шыңдауға бағытталған пайдалы кеңестер берілді.
Бұл шара жас педагогтердің инновациялық әдістерді меңгеруіне, тәжірибе алмасуына және шығармашылық әлеуетін дамытуға зор ықпал етті.