Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
📌 «Зерде» жас зерттеушілер байқауының облыстық кезеңі мектебімізде өтті.
Бүгін мектебіміздің базасында 2–7 сынып оқушылары арасында «Қызылжар дарыны» орталығының ұйымдастыруымен «Зерде» республикалық зерттеу және шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
🔬 Жас зерттеушілер өздерінің тың идеяларын, ғылыми ізденістері мен шығармашылық жобаларын ұсынып, білімдері мен табандылықтарын көрсетті.
🎓 Мұндай байқаулар оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамытып, жаңа жетістіктерге жетуге жол ашады.