
Ашық есік күні — болашаққа бағдар
2025 жылдың 25 қарашасында Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінде 9–11 сынып оқушыларына арналған Ашық есік күні өтті.

Іс-шара кәсіби бағдар беру мақсатында ұйымдастырылып, оқушыларға колледждің тыныс-тіршілігімен, білім беру бағыттарымен жақын танысуға мүмкіндік берді.

Алдымен оқушылар колледждің тарихы мен жетістіктері туралы баяндайтын мұражайды аралап, білім ордасының дәстүрімен танысты.

Бұдан кейін қатысушыларға колледж дайындайтын мамандықтар жайлы жан-жақты ақпарат ұсынылып, оқу процесінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері таныстырылды.

Іс-шара соңында көңілді атмосфера сыйлаған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Мұндай кездесулер оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесіп, медицина әлеміне жақын болуға жол ашады.