Бүгін мектебімізде облыстық техникалық шығармашылық көрмесі өтті. Көрмеге Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептері мен кәсіби колледждерінен оқушылар мен студенттер қатысты.


Автокөлік техникасы, ауыл шаруашылығы техникасы, су көлігі, әуе модельдері, «Жасыл» энергетика, энергия тиімділігі және үнемдеу, сондай-ақ «Бізді таңқалдыр!» өнертапқыштық жобалары көрме қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырды.

Жобалар техникалық ойлау, шығармашылық ізденіс пен экологиялық бағытты тиімді ұштастырды.

Шараны ұйымдастырушылар: СҚО Білім басқармасы, Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы және №28 жалпы білім беретін мектеп.

Мектебіміздің 10 “Б” сынып оқушысы Шамиганов Амир «Су көлігі» бөлімі бойынша I орынды жеңіп алды! Оқушымызды жеңісімен құттықтаймыз!

Жас өнертапқыштарға шығармашылық табыс тілейміз! Олар — болашақтың негізін қалайтын дарынды буын!