Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
Мектепте инклюзияны қолдау кабинеті белсенді жұмыс істейді. Оның негізгі мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға оқу үдерісі барысында психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
Бүгінде мектепте 50-ден астам ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала білім алады. Әр бала үшін қолайлы, қолжетімді әрі қауіпсіз білім беру және даму жағдайларын жасауға тырысамыз.
Кабинет құрамында әдіскер, логопед-мұғалім, дефектолог, педагог-психолог, әлеуметтік педагог және педагог-ассистенттер жұмыс істейді. Ата-аналар балалардың мектепте өздерін жайлы сезінетінін, мамандардан қажетті көмек алатынын және өз-өзіне деген сенімдері артқанын атап өтуде.
Мамандар тобының үйлесімді жұмысы мұғалімдерге, ата-аналарға және балаларға біртұтас қолдау, түсіністік пен кәсіби сүйемелдеу кеңістігінде болуға мүмкіндік береді.