
«Энергия үнемдеу елі» тақырыптық ойыны
2025 жылғы 11 желтоқсанда мектебімізде 5–7 сынып оқушылары арасында «Энергия үнемдеу елі» атты танымдық ойын өтті.

Іс-шараның мақсаты — оқушылардың энергияны үнемді пайдалану туралы түсінігін кеңейтіп, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Оқушылар викторина, топтық тапсырмалар, шағын тренингтерге белсенді қатысып, экологиялық сауаттылық пен энергия үнемдеу жайлы білімдерін көрсетті.

Мұндай шаралар балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, саналы көзқарас қалыптастыруға бағытталған.