Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
📚 Адалдық бастауы – кітапта
Мектебімізде рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Адалдық бастауы – кітап» кітап сыйлау челленджі жоғары деңгейде өтті. Игі бастама аясында білім саласының ардагер ұстаздары мен ата-аналар қауымдастығы жас ұрпаққа тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор кітаптарды сыйға тартты. Бұл – өскелең ұрпақтың бойына адалдық пен парасаттылықты сіңіруге жасалған жарқын қадам.
Сонымен қатар «Адал азамат» бағдарламасы шеңберінде өткізілген тәрбие сағаттары мен сабақ барысындағы сабақтастықтың өзара үйлесімділігі зерделеніп, оқу мен тәрбиенің біртұтас жүйе ретінде жүзеге асырылуы назарға алынды.
Осындай тағылымды шаралар арқылы оқушылардың рухани дүниесі байып, адалдықты өмірлік ұстаным еткен саналы ұрпақ тәрбиелеуде септігі тиері анық.
✨ Кітап – білімнің шамшырағы, адалдықтың бастауы!