ҚР Оқу-ағарту министрі Ж. Сулейменованың тапсырмасына сәйкес Солтүстік өңірімізде «Келешек мектеп» жобасы аясында оқыту семинарлары өз жұмысын бастады
ҚР Оқу-ағарту министрі Ж. Сулейменованың тапсырмасына сәйкес Солтүстік өңірімізде «Келешек мектеп» жобасы аясында оқыту семинарлары өз жұмысын бастады.
Семинарлар Назарбаев Зияткерлік мектебі (НИШ) базасында ұйымдастырылып, оған 28 жалпы білім беретін мектептің педагогтері қатысуда. Мұғалімдер химия, биология, информатика және робототехника пәндері бойынша заманауи әдістерді меңгеріп, кәсіби білімдері мен тәжірибелерін жетілдіруде.
Аталған оқыту курстары Келешек мектептің басты мақсаты — сапалы білім, инновациялық ойлау және цифрлық дағдыларды дамытуға бағытталған. Бұл семинарлар педагогтердің кәсіби әлеуетін арттырып қана қоймай, оқушыларға болашақ талаптарына сай білім беруге үлкен мүмкіндік ашады.
