Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында құқықтық тәрбиеге бағытталған «Заң және тәртіп» айлығы шеңберінде 12 қаңтар күні «Менің құқығым – менің жауапкершілігім» атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
🔹 Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
Сынып сағаты барысында құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық жауапкершілік, оқушылардың құқықтары мен міндеттері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ буллинг пен кибербуллингке, түрлі құқықбұзушылықтарға қатысты «нөлдік төзімділік»қағидаты негізінде ақпарат беріліп, талқылау ұйымдастырылды.