Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
Құрметті ата-аналар!
«Заң және тәртіп» айлығы аясында мектебімізде салық саласындағы азаматтық жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Назарларыңызға келесі жағдайларды жеткіземіз:
📌 Қазақстан Республикасы салық заңнамасының талаптарын сақтау;
📌 алынған табыстан салықтарды дер кезінде жариялап, төлеу;
📌 балаларда заң мен құқықтық тәртіпке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру – әрбір ата-ананың маңызды міндеті.
Салық — мемлекеттің әлеуметтік дамуының негізгі тірегі. Олар білім беру, медицина және әлеуметтік салаларды қаржыландыруға бағытталады.
📢 Азаматтық жауапкершілік танытып, заңды орындау арқылы өз балаларыңызға үлгі болуға шақырамыз.
🛡 Заңды сақтау — қоғамдағы тұрақтылық пен игіліктің кепілі.