Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
«Заң және тәртіп» айлығы аясында №28 мектепте ОЮП инспекторы Г. А. Игнатовтың қатысуымен «Адалдық пен әділдік» тақырыбында мектептің жасөспірімдерімен әңгіме өткізілді.
Әңгімелесу барысында білім алушылар адалдық, әділдік және жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтардың маңызын, сондай-ақ олардың әрбір адамның және жалпы қоғам өміріндегі рөлін талқылады. Оқушылар іс-шараға белсенді қатысып, өз пікірлерін білдіріп, күнделікті өмірден мысалдар келтіріп, түрлі өмірлік жағдайларды талдады.
Адалдық сағатын өткізу білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауға, сондай-ақ күнделікті өмірде адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстануға ұмтылуына ықпал етеді.