«Заң саласындағы мамандықтар
Құқықтық тәрбие айлығы «Заң мен тәртіп» аясында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Г.А. Игнатов және мектептің әлеуметтік педагогы А.Д. Ахметова бірлесіп 7-сынып оқушыларына арналған «Заң саласындағы мамандықтар» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға деген құрметін арттыру және құқық қорғау органдары өкілдерінің қоғамдағы рөлін түсіндіру.
Оқушыларға құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік, мінез-құлық ережелері мен қауіпсіздік шаралары, соның ішінде интернеттегі қауіпсіздік туралы ескертілді.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оқушылар үшін пайдалы әрі танымдық болды.
