Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
20 қаңтар күні №28 жалпы білім беретін мектепте 8–9 сынып оқушыларына арналған Hampton School тіл мектебінің қатысуымен кәсіби бағдар беру іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар тілдік бағдарламалармен танысып, шетелдегі тілдік демалыстар мен шетелдік оқу орындарына түсу мүмкіндіктері жөнінде кең көлемде мәлімет алды.
Оқушылар тарапынан үлкен қызығушылық байқалып, олар белсенді түрде сұрақтар қойып, ұсынылған бағдарламалар мен болашақ білім алу перспективаларын талқылады.