21–22 қаңтар күндері мектебімізде «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында ата-аналар жиналысы өтті.
21–22 қаңтар күндері мектебімізде «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында ата-аналарға бағдарламаның негізгі бағыттары таныстырылып, оқушылардың тәрбиесі, құқықтық мәдениеті, қауіпсіздігі және жауапкершілігін қалыптастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар мектеп пен ата-ана арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, балалардың тәртібі мен оқу үлгерімін жақсарту жолдары қарастырылды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Жиын барысында мектеп миссиясы аясында оқушылардың оқу процесі, мектебімізді 5 жылдан кейін қалай көретіндері туралы ұсыныстары мен жобалары таныстырылды. Сондай-ақ ұстаздар мен оқушылардың жетістіктері, оқу сапасын арттыру мәселелері жан-жақты қозғалды.
