"Келешек мектебі"
17-19 қаңтар аралығында 10 Б сынып оқушысы Иван Сопрыгин Алматыда Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қатысуымен өткен алғашқы "Сириус" таланттар саммитіне қатысты. Саммитке еліміздің түкпір-түкпірінен "Келешек мектебі" мектептерінің дарынды оқушылары мен жаратылыстану-ғылыми және математикалық бейіндегі педагогтері жиналды.
Бағдарлама "Ауқымды жобалар" көрмесі, сарапшылардың дәрістері мен мастер-класстары, мұғалімдерге арналған практикалық сабақтарға толы өтті. Иван зерттеу жобасында жұмыс істесе, мен педагог ретінде әріптестеріммен тәжірибе бөлістім.
Саммит қорытындысы бойынша сарапшылар мен оқушылар бірлесіп орындаған "Ғарыштағы материалдардың бетін күн сәулесімен қалпына келтіру механизмін зерттеу" жұмысы "Наноиндустрия" ғылыми журналында жарияланатын болды (№ 1, 2026 ж.).
Осындай ауқымды білім беру шарасының куәсі болғаныма және оқушымның нәтижелі жетістіктері өте қуаныштымын.
