Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
Бағыты: Баланың қауіпсіздікке құқығы
Қатысушылар: 8–11 сынып оқушылары, мектеп инспекторы, IT-маман
Қысқаша мазмұны:
«Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру аясында КММ «№ 28 жалпы білім беретін мектепте» қауіпсіздіктің жаңа стандарттарына арналған интерактивті әңгіме өткізілді. Іс-шара барысында мектеп ортасының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған цифрлық қауіпсіздік мәселелері мен жасанды интеллект жүйелерін енгізу тақырыптарына ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында қатысушылар жасанды интеллект технологияларының құқықбұзушылықтардың алдын алудағы рөлі және интернет кеңістігіндегі мінез-құлық ережелерінің жаңартылу себептері туралы пікір алмасты.
Негізгі ақпарат:
Оқушыларға кез келген қиын жағдай туындаған кезде жүгінуге болатын бірыңғай көмек жүйесінің құрылғаны жөнінде ақпарат берілді.