« Қазақстан балалары»
2026–2030 жылдарға арналған « Қазақстан балалары» тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау аясында әзірленген, балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғау саласындағы мемлекеттік шараларды жүйелеуге бағытталған өзекті әрі кешенді құжат болып табылады.
Білім беру жүйесі үшін оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, инклюзивті білім беруді дамытуға, қосымша біліммен қамтуды кеңейтуге, сондай-ақ білім беру ұйымдарының қызметіне жасанды интеллектті қоса алғанда, заманауи цифрлық және зияткерлік технологияларды енгізуге бағытталған шаралар ерекше маңызды. Сонымен қатар, балалардың психологиялық жағдайына, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтердің кадрлық әлеуетін нығайтуға басымдық берілуі құнды деп санаймын.
Біздің Келешек мектебі бүгінде тұжырымдаманың негізгі идеяларын іске асырып келеді: тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, балалардың әл-ауқатына қамқорлық ету, заманауи білім беру кеңістігін қалыптастыру және жан-жақты дамуға жағдай жасау. «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының жүзеге асырылуы оқушыларымыздың балалық шағын одан әрі бақытты, қорғанышты әрі табысты етеді деп сенемін.
