Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
3 ақпанда мектебімізде гуманитарлық цикл апталығы аясында 9–11 сынып оқушылары арасында өзекті тақырыпта дебат өтті:
«Жасанды интеллект — болашақтың көмекшісі ме, әлде қауіп пе?»
Интеллектуалдық сайыста екі команда өзара бақ сынасты. Қатысушылар тақырыпты терең меңгергенін, сыни ойлау қабілетін және дәлелді пікір айту мәдениетін жоғары деңгейде көрсетті.
Дебат қорытындысы бойынша өз ұстанымын барынша сенімді қорғап шыққан 10–11 сынып оқушыларынан құралған екінші команда жеңіске жетті. Шара барысында көрермендер де белсенділік танытып, мазмұнды сұрақтар қойып, ең «шешен» команданы анықтауға дауыс берді.