Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
Бүгін мектебіміздің талантты 5 «Б» және 6 «А» сынып оқушылары гуманитарлық пәндер апталығы аясында өткен Тарих күніне орай Томирис пен Шырақ туралы сахналық қойылым көрсетті. Оқушылар өздерінің актерлік шеберлігін шыңдап, көрермендерді сақ елі мен Томирис пен Шырақтың ерлігі тарихына терең көз жүгіртті.
Бұл қойылым арқылы жас өнерпаздар ерлік, батырлық пен отансүйгіштік сияқты ұлы құндылықтарды дәріптеді. Көрермендер тарихи кейіпкерлердің қайсарлығы мен даналығына куә болып, өткеннің тағылымын сезініп, бүгінгі ұрпаққа берер өнегесін терең түсінді.