📚 Гуманитарлық пәндер апталығы – жарқын әсерлерге толы өтті! Гуманитарлық бағыттағы пәндер апталығы аясында оқушылар үшін мазмұнды әрі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Гуманитарлық бағыттағы пәндер апталығы аясында оқушылар үшін мазмұнды әрі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шаралар барысында музей чемоданы ұсынылып, тарихи тақырыптағы сахналық көріністер қойылды. Сонымен қатар, оқушылар өз білімдерін қызықты викториналық сұрақтар арқылы сынап көрді.
Бұл апталық оқушылардың тарихқа, мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор ықпал етті.
Белсенді қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз!
