⚠️ Интернет алаяқтықтың алдын алу – заң мен тәртіп кепілі
Бүгін №28 жалпы білім беретін мектепте «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерінің мұғалімдермен кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында маман интернет арқылы жасалатын алаяқтық түрлері туралы айтып, соңғы уақытта мұғалімдерді алдау фактілері жиілеп кеткенін атап өтті.
Полиция қызметкері күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға жауап бермеу, жеке деректерді жарияламау, белгісіз сілтемелерге өтпеу сияқты ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі ережелерін түсіндірді.
Аталған кездесу мұғалімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, заң мен тәртіпті сақтау мәдениетін нығайтуға бағытталды.
Өз қауіпсіздігіміз — өз қолымызда!
