📢 «Жаңа Конституция – Жаңа Қазақстанның құқықтық негізі». Мектебімізде Конституциялық реформаларға арналған мазмұнды талқылау өтті.
Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия жариялаған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы – қоғамның кең ауқымды ұсыныстары мен ашық қоғамдық талқылаулардың нәтижесі екені атап өтілді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңартылған негізгі қағидаттары, оның құқықтық мемлекет қалыптастырудағы маңызы және Ата Заңның ел болашағындағы рөлі кеңінен талқыланды.
Осы маңызды өзгерістер туралы біздің мектепте Танакулова Эльмира Шамилевна – педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі және “Байтақ” жасыл партиясының СҚО филиалының төрағасы Рустам Маратұлы Жүсіпбеков педагогтермен арнайы кездесу өткізіп, реформаның мәні мен маңызын кеңінен түсіндірді.
Кездесу барысында жаңа Конституциялық нормалардың елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы, білім беру мен қоғам дамуына ықпалындағы рөлі жан-жақты талқыланды. Педагогтер үшін бұл – азаматтық ұстанымды нығайтып, оқушыларға заманауи қоғамдық өзгерістерді түсіндіруде маңызды тәжірибе болды.
