Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
🐢 «Тасбақа бұрышы» көрмесі – табиғатты аялауға бастар қадам!
Мектебімізде бастауыш сынып оқушылары арасында республикалық «Тасбақа бұрышы» конкурсының мектепішілік кезеңі жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға ортаазиялық тасбақа туралы кеңінен мағлұмат беру, жануарларды қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Конкурс барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытып, тасбақаның тіршілігі, мекендейтін ортасы және оны қорғау жолдары туралы мазмұнды жұмыстарын ұсынды. Балалардың белсенділігі мен қызығушылығы олардың экологиялық мәдениетінің қалыптасып келе жатқанын көрсетті.
🌿 Осындай тағылымды шаралар арқылы біз жас ұрпақты табиғатты сүюге, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға баулимыз.
🌱 Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!