Меню KDT
Приемная
+7(7152)320337
🔹Ерте кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында мектебімізде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департаменті 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
🔹Кездесу барысында Департаменттің бас маманы М.К. Балтабаев түлектерге мемлекеттік қызметке қабылдану тәртібі, мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өту мүмкіндіктері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің лауазымдарына конкурстан тыс тағайындалу жолдары туралы кеңінен ақпарат берді.
🔹Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Сонымен қатар, болашақта таңдайтын кәсіби жол ретінде мемлекеттік қызметке деген қызығушылықтарын танытты.