❄️ Қыс мезгілі – белсенділік пен сергектік уақыты! ⛷️
Біздің оқушылар үшін шаңғы тебу – тек қызықты демалыс емес, денсаулықты нығайтудың тамаша мүмкіндігі. Мектебімізде шаңғы және коньки тебуге арналған арнайы алаңдардың болуы – оқушылар үшін үлкен мүмкіндік.
Дене шынықтыру сабақтарында оқушылар таза ауада шаңғы теуіп, қимыл-қозғалыс арқылы өздерінің физикалық дайындығын арттыруда. Оқушылардың айтуынша, қысқы спорт түрлері – шаңғы мен коньки тебу тек спорт қана емес, сонымен бірге денсаулықты сақтауға, төзімділікті дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.
Осындай мүмкіндіктердің жасалуы оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, белсенді әрі салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейді.
Салауатты ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі! 

